- Негізгі бет
- Бесқару
- Әлем қарулары: Glock...
Әлем қарулары: Glock 17 тапаншасы
Тапанша – француз тілінен алынған, қысқа қашықтықта атуға бағытталған, қолмен пайдалануға арналған әлемдік қару түрі (25-30 м арасы). Тапанша бір қолмен және екі қолмен атуға арналған.
Әлемдік қару ішінде тапанша екі мақсатта қолданылады: шабуылға және қорғанысқа арналған түрлері бар. Ең алғаш тапанша XV ғасырда пайда болды.
Glock 17 – Австрияның Glock фирмасы өндірген, 17 патронды тапаншасы. Қару арнайы әскери қажеттілік үшін жасалған. Бұл қару аталған фирманың өндіріп отырған ең алғашқы тапаншасы және өте сапалы шыққан. Сапалы әрі өте ыңғайлы жасалған Glock 17 тапаншасы австрияның қарулы күштерінде жаппай қолданысқа енгізілді.
Тапаншаның бір ерекшелігі ол берік әрі ыстыққа төзімді пластиктен жасалған. Бұл Glock 17 тапаншасының жеңіл әрі ыңғайлы болуына зор септігін тигізеді. Ал тапаншаның ең басты ерекшелігі – сақтандырғыш тетігінің болмауы. Ал оның орнына тапаншаны ату үшін толыққанды пілтесін басу керек. Тапанша 33 түрлі жабдықтан құралған.
Glock 17 тапаншасы 1980 жылы арнайы тапсырыспен жасалып, 1982 жылы ғана Австрияның қарулы күштеріне енгізілді. Оның әскери атауы - Р80.
Glock 17 тапаншасының тактикалық-техникалық құрлысы:
Салмағы – 625 грам. (оқсыз)/ 905 грам.
Ұзындығы – 186 мм
Ені – 33 мм
Биіктігі – 138 мм
Оқ – 9х19мм
Калибр – 9мм
Оқтың алғашқы ұшу жылдамдығы – 350/360 м/с
Оқтың жету межесі – 50 м.
М. Ақан