Калаш автоматы 1947 жылы шыққан. Содан бері 100 миллион данасы жасалған екен. Салыстыру үшін айтайық. АҚШ армиясы құрап шыққан M16 винтовкасы осы күнге дейін 10 миллион данасы ғана жарыққа шыққан. Яғни, АК-47-нің саны 10 есе көп.
Моденизациядан өткен автоматтың қазіргі ұзындығы – 89 сантиметр, салмағы – 3,6 келі.
Енді құрылымына тоқталайық.
1. Мылтықтың дүмі
Кейде автоматтың шүйдесі деп те айтады. Классикалық автоматтың дүмі мен сабы арнайы қымбат ағаштан жасалады. Қазір темірден жасалғандары да бар. Бүктеліп ашылады. Мұндай автоматтар десант жауынгерлер мен танк солдаттарының ұстап жүруіне ыңғайлы.
2. Мылтықтың тартпасы
Бұған мылтықтың тапанша сабы жатады. АК-47-нің тартпасы америка өнертапқышы Джон К.Гаранд жасап шыққан M1 винтовкасына ұқсатып жасалған. Сондай-ақ автоматтың бұл бөлігін жасауға неміс өнертапқышы Хьюго Шмайссердің үлесі зор. Себебі Калашников автоматы құрастырылған жылдары ол кеңес әскерінің тұтқынында болған екен.
3. Сағақ
Бұған оқ қорапшасы мен газ поршені, ағыту механизмі енеді. Басында, яғни 1940-жылдары автоматтың ұңғы қорабының орнында екі келілік болат блок тұрған екен. Кейін жетіле келіп, жарты келілік блок жасалды. Газ поршень мен бекітпе рамасы ұңғы қорабынан жеңіл алып-салынуы үшін ыңғайлы етіп жасалған. Ең қызығы да сол – бұл деталь тез шірімейді, батпақ пен кір, күйенің кесірінен тұтығып қалмайды.
Автоматтың иесі Михаил Калашниковтің өзі ұңғы қорабын өзім құрап шықтым дегенімен, кейін белгілі болғандай, бұл детальді Алексей Судаев жасаған АС-44 сынды кеңестік кезеңде құрастырылған қарулардың үлгісін алған екен.
4. Ұңғы қорабы
Модернизацияланған Калашников автоматының негізінен үш режімнен тұрады, реттелмелі селекторға байланысты: қауіпсіз режім (оқ атылмайтын кез), жартылай автоматты режім (оқты бір-бірден ату) және автоматты (оқ жаудыру, минутан 700 оқ атылатын режім).
5. Газ поршені
АК-47-тің бекітпе рамасы мен газ поршенінің құрылым үлгісі америкалық винтовкалардан алынған. Оқ атылған сайын ұңғыдағы газ патронға қарай жылжып, поршеньді итеріп, атысты үдетеді. Патронда оқ біткен кезде келісі оқпанды салып, сырғытпасын тартып жіберіп, оқ жаудыруға болады.
6. Магазин (оқтама, оқжатар)
Оқтаманың (патрон, патронник) формасын бананға ұқсайды. Үлгісі АС-44 винтовкасынан алынған. Оқтаманың мұндай формасы оқ сақтау мен оны ауыстыруға ыңғайлы екені кеңес кезіндегі қаруларды жасау кезінде көптің көзі жеткен. Одан бөлек, мұндай оқтама тұтығып қалмайды.
7. Қорғаныс жабын
Бұл бөлікте сүмбі мен сүңгі және соның қорғаныс жабыны орнатылған. Темірі антикоррозиялық жабындымен қапталған. Фосфат қосындысы бар. Оқжатардың іші де хромдалған. Мұның бәрі – антикоррозиялық құрал боп саналады.
Автоматтың антикоррозиялық қасиеті өте маңызды. M16-де ондай қасиет жоқ. Соның кесірінен Вьетнам соғысында американың жауынгерлері біраз қиындық көрген.