«Taurus Curve» жаңа заман тапаншасы

Заман дамыған сайын техниканың барлық түрі ілгері басып келеді. Оның ішінде, қару жарақтар да бірнеше түрге бөлініп, адамға ыңғайлы болу үшін түрлі күйге енген. Мысалы, «Taurus» компаниясының «Taurus Curve» тапаншасы белге жасырып қоюға және қолдануға ыңғайлы болсын деп арнайы «майыстырылып» жасалынған. 400 граммдық бұл тапаншаның әр бұрышы жұмырланған. Белге бекіту үшін алынбалы клипс пен кішкентай тапанша қабы бар. Тапаншаның тежегіші, дара тетігі мен механикалық нысанасы жоқ. Бірақ тапаншаға еніп тұратын лазерлі көздеу мен түсті диодты шамы бар.

Бұл тапаншасы жасаушылар «9х17 мм калибрлі патронмен ату – дәлдіктен жарысқа қатысу емес, сондықтан бастысы ыңғайлылық деп таптық» дейді. Taurus Curve полимерлі жиегі белдікке (оң жақ бүйірге) тағынып жүруге арнайы жасалған.

Бұл тапаншамен үш түрлі әдіспен көздеп атуға болады:
     * Тапаншаны жақын маңға бағыттап ату;
     * Тапаншаның бекітпесіндегі көздеу таңбасы көмегімен ату;
     * Лазерлі нысана көрсеткіш және LED-шам арқылы ату.

Бекітпе-қаптама жыланның терісіне ұқсатылып жасаған, ол шаппаны қайырғанда ыңғайлы. Жеңіл серіппелі Curve еркін бекітпелі тапаншаларға қарағанда жеңілірек. Сонымен қатар, бекітпе-қаптамадан патрон көрсеткішін қарай аласыз және оқ-дәрісіз атылмау үшін арнайы бұғат бар.

Taurus Curve тапаншасына техникалық сипаттама:
Оқ-дәрілер: .380 Auto
Оқ-дәрі қорабының көлемі: 6+1
Биіктігі: 9,5 см
Ұзындығы: 12,8 см
Ұңғымасының ұзындығы: 2,75 дюйма
Ені: 2,2 см
Салмағы: 400 грамм
Сырты: полимер және қара оксидті қабықша
Нысана: жоқ
Шаппаның күші: 2,7 кг.


Сурет: cdn.wideopenspaces.com, damngeeky.com, yaplakal.com, mikeshouts.com