1915 жылдың қысында сарбаз, ақын, капитан Чарльз Сорлидің жанұясына бір қап келеді. Қаптан Лоос шайқасында қаза тапқан Сорлидің жеке заттары, әскери киімдері және бір бума қағаз шығады. Қағазда оның атақты «When You See Millions of the Mouthless Dead» сонеті (Сонет итал. sonetto – шағын ән) жазылыпты. Қапты жіберуші Сорлидің өзі құрамында болған Батыс майданының полкі екен. Осы сияқты сарбаз бұйымдары фотограф Том Аткинсонды қатты қызықтырады. Кейінірек, әскери киім үлгілерін (13 киім үлгісін) топтастыра келе, өзінің «Soldiers Inventories» атты сурет жинағына шығарды. Талайдың таңдайын қақтырған бұл тарихи суреттер жинағын, сіздермен бөлісуді жөн көрдік.
1. 1066 жыл, патша күзетшісі, Гастингс шайқасы.
Гастингс шайқасында жауынгерлік қару түрлері өте көп болған. Және фотосуретші Том Аткинсон Гастингстегі англо-саксон жауынгерін окоптағы британдық «Томми» әскеріне ұқсайтынын айтқан.
2. 1244 жыл, атты әскер, Иерусалим қоршауы.
Том Аткинсонге суреттердегі бұйымдарды жинауға: коллекция жинаушылар, тарихшылар мен қатар жауынгерлер де көмектескен. «Қару туралы білетін адамдарды табу қиынға соқты, суреттердегі бұйымдар олардың білімділігі мен тәжірибелерінің нәтижесі»,- дейді фотосуретші.
3. 1415 жыл, садақшы, Азенкур шайқасы.
«Wellcome Trust» жобасымен және тарих мұражайында жұмыс жасап жүрген Аткинсон өз ізденісін «Британияның соғысқа қарым-қатынасы туралы мифология» деп атаған.
4. 1485 жыл, «ауырқаруланған» Йоркист салт атты жауынгері, Босворт шайқасы.
«Әр суреттен қасықтарды көре аласыздар, соңғы мыңжылдыққа дейін тамақтану өз қажеттілігін жоғалтпаған. Сонымен қатар, жылу, су, қорғаныс заттары бір-бірінен ажырамаған»,- дейді Том.
5. 1588 жыл, жасақ әскері, Тилбери.
Әр жылдың жауынгер жабдықтары бір-біріне қатты ұқсайды және үлкен айырмашықтарымен де ерекше. Кезіндегі қойын дәптерлер айподтармен, он сегізінші ғасырдың табақшалары қазіргі ыңғайлы қазандармен алмастырылды. Бірақ, сол кездің шахмат, карта сынды ойындары бүгінге дейін өз қызығын жоғалтпаған.
6. 1645 жыл, мушкетер (ескі заманғы мушкет асынған жаяу солдат), Нейсби шайқасы.
Әр әскери жабдықтауларда өткен мыңжылдықтағы британ жауынгерінің шайқас белгілерін көрсетеді. Бұл сабақтастық Босворт, Нейсби, Ватерлоо, Сомме, Арнем және Фолкленд аралындағы шайқастарынан бастау алып, Гастингс, Ауғанстандағы Гильменд провинциясы майдандарына дейін жалғасады.
Жалғасы
Сурет: topwar.ru
Оқи отырыңыз:
ХХ ғасырдағы ең мықты тапанша