Павлодарда Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, жазушы Бауыржан Момышұлының шипажайда түскен суреттері табылды, − деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Анам Несібелді Әбдікәрімова 1975 жылы Сарыағаш шипажайына демалуға барғанда Бауыржан Момышұлын кездестірген. Баукең суретке түсуді ұната қоймайтын. Сондықтан демалушылар ол кісіге жақындай алмай жүр екен. Дегенмен анам өзінің пысықтығы мен тапқырлығының арқасында аңыз адаммен суретке түсіпті. Тіпті, бір суретте екеуінің әңгімелесіп келе жатқанын көруге болады, бірақ не жайлы сөйлескендері біздің есімізде қалмағаны өкінішті»,−- дейді Несібелді Әбдікәрімованың қызы Сайрам Аяшинова.
Несібелді Әбдікәрімова 2007 жылы 21 наурызда дүние салған. Ол жұбайы Мұкәрам Аяшиновпен 1969 жылы отау құрған. Бүгінде ақсақал Кенжекөл ауылында тұрады.
Дереккөз: bnews.kz