Жыл сайын қыркүйек айының соңғы аптасында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні тойланады. Аталған мереке алдында даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының тіл туралы нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.
"Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді" - деп Ғабит Мүсірепов айтпақшы, тілдің ұлт болашағы алдындағы киесі жоғары. Туған тілін қастерлеу, құрмет таныту - әрбір пенде баласының басты борышы. Тіл тәуелсіздігі - ой тәуелсіздігінің, ел тәуелсіздігінің бастау бұлағы.