- Негізгі бет
- Бауыржан Момышұлы
- Бауыржан Момышұлының Мұхтар...
Бауыржан Момышұлының Мұхтар Әуезовке жазған хаты
Неліктен екенін қайдам, қолым қазақша жазуға жүрмей отырғаны – кешірерсіз.
Мен сізге қазіргі заманғы соғыс мүшкетерлер мен пикетерлердің соғысы емес және де Ұлы Отан соғысының офицерлері (мундир киген кез келген пендені емес, нағыз офицерлерді айтып отырмын) – Сізге XVI ғасырдың рыцарьлары емес деп жазған едім... Олар негізінен үш категорияға бөлінеді: жақын қашықтықтағы офицерлер, тактикалық ойлау және тактикалық мақсаттағы офицерлер, стратегиялық ойлау және стратегиялық мақсаттағы офицерлер. Бұл соғыста ұрыс даласында қызу қанды адамдар ақылмен, ептілікпен соғысатын болады.
Сіз қалайша «Намыс гвардиясына» байланысты бейғамдыққа, тым аңғал сенгіштікке жол беріп алғансыз, сіздің көркемдік қуаты күшті, бай, орамды, ұтқыр, тұшымды да терең ойлы айшықты талантыңызға білімсіз, тар өрісті, парасатсыз, қосалқы авторыңыздың қосарласу жасанды, өкінішті, анайы болып шыққан екен.
Өйткені құдайдың суретін салушылар (богомазы) кез келген суретшіден жақсы салғанымен, еш уақытта суретші болып саналған емес, яғни құдайдың суретін саулшының қыл қаламынан еш уақытта нақты өмірдің суреті шыққан емес...
Әттең, хас суретшінің білімсіз адаммен бірлесе жұмыс істеймін деп олйламаған жерден құдайдың суретін салушы болып шыққаны қандай өкінішті, қынжыларлық-ақ.
Пьесада тәртіп, әскери және күнделікті өмірдегі мінез-құлық пен әдептілік нормалары мүлдем көрсетілмеген, порнографиялық жүгенсіздікке дейін жеткен, орынды да, орынсыз да кез келген сәтте ернін тоса беретін, өзінің ішкі сезімін тежей алмайтын ана ақымақ Нина деген кім?
Валентинаны, оған әр түрлі болмаған нәрселерді таңып мадақтаудың керегі не?
Бұйрықтың күші, оның мүлтіксіз орындалуы, әмір етуші қатал командир ойының нақтылығы қайда? Жауынгерлік тапсарманы орындау жөніндегі неғылған әңгіме, бос мылжың, кімнің саптың басында жүруіне байланысты неғылған саудаға салушылық, неғылған еркіне салушылық пен жалынып-жалбарынушылық?
Табан тіресе қарсылық көрсетпей, қысылшаң жағдайсыз, кейде уақытша жеңіліске ұшырамай-ақ тымақты аспанға ататын жеңісті қайдан алдыңыз? Неғылған парықсыз, жүрек айнытарлық айқау-шу, ура?
Сіз өз еркін қарамағындағы жауынгерлерге ғана емес, сонымен бірге дұшпанға да таңатын, билікті толық қолына алған офицерді қайда жібергенсіз, тіпті Панфиловты қоян-қолтық ұрыстың шебері ретінде көрсетіпсіз. Тактика мен стратегияның не екенін шынымен түсінбегеніңіз бе?
Жұрттың бәрін бірдей қолына найзалы винтовка ұстаған солдаттай қарауға әсте де болмас.
Біздің әскери ғылымымыз, оперативтік-тактикалық ойларымыз, операциялардың тактикалық-стратегиялық маңызы мен қарама-қарсы жақтардың қалыптасқан жағдайдағы жай-күйі қайда?
Сіз елгезек солдатты, мойынсұнғыш, өте әділ, айбынды, ержүрек, қарапайым жауынгерді қайда жібергенсіз? Сіздің Төлегеніңіз ұрыс даласының солдатынан гөрі сахна сайқымазағына айналған.
Достармен қарым-қатынаста тік әрі дөрекілеумін – бұл менің кемшілігім. Сіздің атыңызға тек жазалаумен ғана көмектесе алатыныма өте өкініш білдірмекпін.
Аса құрметпен
өзіңіздің Бауыржаныңыз
17.11.1942 ж.