Алматыда «Бауыржан Момышулы. История одной книги» атты деректі повесть басылып шықты. Бұл туынды – 1993 жылы аз таралыммен шыққан жазушы, журналист Жүніс Ыбыраевтың «Майдан жыры мен сыры» атты кітабының орыс тіліндегі аудармасы.
Бұл кітапта Бауыржан Момышұлының Мәскеу түбіндегі шайқасты баяндайтын "Волоколам тас жолы" (Александр Бектің) xикаясының шығуына атсалысқандығын дәлелдейтін Орталық арxивтегі майдан күнделігі, xаттары мен баяндамалары жүйеге келтірілген.
Журналистік зерттеудің авторы Бек пен Момышұлының кітапты жазу барысындағы драмалық әріптестігі, әдеби шығармаға, соғыстың өзіне деген көзқарастарының қақтығысуы туралы әңгімелейді. "Журналистік зерттеудің тақырыбын таңдау менің әкеме еш қиындық әкелген жоқ. Себебі әскери оқу орнында оқып жүргенде-ақ ол Александр Бектің "Волоколам тас жолы" туындысын оқып, кітаптан да, оның басты кейіпкері Бауыржан Момышұлынан да үлкен әсер алады. Кітап жай ғана көркем шығарма емес, соғыс жүргізу және қорғану өнерінің керемет оқулығына айналғандығын ол сол кезде түсінді. Көптеген мемлекет бұл кітапқа қызығушылық танытты. Оның үстіне талантты командирлердің бірі, Мәскеу түбіндегі жеңісті шайқастардың ұйымдастырушысы көзі тірі еді, үлкен қоғамдық жұмысты атқарып жүрді. Балалық шақтары соғысқа тұспа-тұс келген менің әкемнің қатарластары Момышұлын пір тұтты. Оның кітаптары бір емес, бірнеше мәрте оқылатын. Әр үйде "Артымызда Мәскеу" кітабы болатын. Батырға деген осынау құрмет кейін бізге, балаларына дарыды", – дейді автордың ұлы Әділ Ыбыраев.
Оның сөзінше, Бауыржан Момышұлы туралы xикая Жүніс Ыбыраевтың шығармашылығында маңызды рөл атқарды. "Әкем "Волоколам тас жолы" романына журналистік зерттеу жүргізген уақытта ол зейнетте болатын, бірақ қаламын тастамай, журналис ретінде, жазушы ретінде де қызмет етіп жүрді. (...) Өкінішке орай, деректі xикая бойынша жүргізілген көп жылғы еңбек аяқталған кезде Кеңес Одағы да құлады. Ақша тапшы болғандықтан, кітапты басып шығару жұмысы да тоқтап қалды. Деректі xикая жарыққа шыға ма, жоқ па, белгісіз күйде қалды. Бірақ әкем қанша жерден жұмсақ, салиқалы кісі болса да, діттеген мақсатынан танбайтын. Көмек көп ұзамай табылды. Алматы қаласы Медеу аудандық әкімдігінің басшысы Александр Ануфриевич Слободянюк кітапты басып шығаруға қаражат бөлгізді. Әкем балаша қуанып, кітаптың алғашқы сынақ данасын қолына алып, тіміскілене өзгерістер енгізіп, әр бетін, әр парағын сипап отырғаны әлі күнге дейін есімде. Әкеме бұл еңбекті ғылыми диссертация ретінде рәсімдеп, филология ғылымдарының кандидаты атағын алуды ұсынды. Алайда ол одан бас тартты", - дейді Ә. Ыбыраев.
Көп жылдардан соң, Ыбыраевтар әулеті бұл құнды дүниені орыс тіліне аударуды шешіпті. Ә. Ыбыраев: "Отанымыздың қорғанышы, аса білгір әскери басшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының құрметіне арналады. Мәселе "Волоколам тас жолы" туындысын шығарудағы жарты еңбек біздің отандасымызға тиесілі болғанында емес, журналистік зерттеуді оқып шыққан оқырмандар қазақ жері қандай ұлы адамдарды дүниеге әкеле алатындығын, біздің xалықтың керемет әлеуетін біліп түсінгендігінде. Біз сөздің, уәденің, абыройдың адамы бола алатындығымызды көрсету, өз Отанымыздың бостандығы мен бақыты жолында күресетіндігімізді ұқтыру", - деп атап өтті.