Алматыда Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш ашылды

Алматыда Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлына арналған бюст ескерткіш ашылды. Мүсін батырдың атымен аталған республикалық әскери мектептің алдына орнатылды.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, Бауыржан Момышұлының ескерткішін Бекежан Албосынов есімді сәулетші құйған. Салтанатты жиынға қаһарманның көзін көргендер мен туған-туыстары келді. "Елбасымыздың Бауыржан жұлдыз алған күн, халқымның бағы жанған күн деп, ерліктің, өрліктің ақ туын кеш те болса, әділ бағасын алуына бірден-бір себепкер болып, Кеңес Одағының батыры атағын беруі тәуелсіз елге рух сыйлар Баукеңді ерекше бағалағаны және халыққа өнеге болсын деп ұққанымыз дұрыс", — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл.

Дереккөз: tengrinews