Қарағанды ​​облысындағы тасжолда автобус пен 16 жеңіл көлік соқтығысты

Қарағанды ​​облысындағы тасжолда автобус пен 16 жеңіл көлік соқтығысты
Фото: видеодан алынған кадр

Қарағанды ​​облысындағы тас жолдың бірінде ірі жол апаты болды. Жол апатына автобус пен 16 жеңіл көлік тап болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция жолдағы оқиғаға қатысты түсінік берді.

"26 қаңтарда сағат 15:00 шамасында ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды - Теміртау тасжолында Алматы - Астана бағытында келе жатқан рейстік автобус пен 16 жеңіл көлік соқтығысқан жол апаты болды. Апат салдарынан екі адам Теміртаудағы ауруханасына жатқызылды. Ауа райы бұзылса, ұзақ сапарға шықпауларыңызды сұраймыз", - деді облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Полиция департаменті жол апаты болған кезде автобуста бар болғаны үш адам болғанын хабарлады. Оқиғадан кейін тасжол жабылды. Полицейлер Теміртауға барар жолда жиналып қалған көліктерді біртіндеп шығарып жатыр.

Ал әлеуметтік желіде ірі жол апатының видеосы тарап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Темиртау | Казахстан ?? (@temirtau.city)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан