Астанада тәулігіне 48 адам қызылша жұқтырып жатыр

Астанада тәулігіне 48 адам қызылша жұқтырып жатыр
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бүгінде елордада тәулігіне 48 адам қызылша жұқтыруда. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның пікірінше, қазіргі таңда Астанада қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Оған сандар дәлел.

"Осы аптада қалада тәулігіне қызылша жұқтырудың 48 дерегі тіркелді. Биыл қаңтардан бері Астанада ауруды жұқтырудың 1 021 дерегі тіркелді. Оның 321-і нақтыланды. 14 жасқа дейін балалар арасындағы көрсеткіш - 227 дерек. Ауру жұқтырғандардың 68 пайызы бұған дейін қызылшаға қарсы вакцина алмаған", - деді Сархат Бейсенова.

Ол балалар арасында ауру жұқтыру көрсеткіші сәл болсада төмендегенін, алайда жағдайды қырағы бақылауда ұстау керектігін жеткізді.

"Соңғы аптада қызылшамен сырқаттанушылық көрсеткіші өткен аптамен салыстырғанда 1,1 есе өсті. Жаңа жыл мерекесі кезінде ересектер арасында ауру жұқтыру көрсеткіші 49-дан 71-ге дейін өсті. Былтыр желтоқсанмен салыстырғанда қосымша вакцинация нәтижесінде 1 және 3 жастағы балалар арасында қызылшаны жұқтыру көрсеткіші төмендеді", - деді Астана қаласының бас санитар дәрігері.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz