- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір мәйіт бес...
"Бір мәйіт бес адамның өмірін ұзартады". Белгілі транспантолог мәйіт ағзасын алу туралы айтты
Экс-министр Жақсылық Досқалиев "Білген дұрыс" YouTube-арнасына берген сұхбатында мәйіт ағзасын алуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бұл - бір жағынан қаржы жағынан үнем.
"Жәмішевтің айтқаны өте дұрыс. Рұқсатсыз алатын болсақ (мәйіттің ағзаларын - еск.), заңға өзгеріс болса, бір мәйіт бес адамның өмірін ұзартады Қазақстанда. Бауыры, екі бүйрегі, өкпесі, жүрегі, көздің алдындағы бір бөлшегі. Соқыр болып қалған адамдарға, көзіне ақ кірген адамдарға салуға болады. Басқа органдар зерттеліп жатыр. Беларусьте бұл рұқсат етілген. Қазір медицина туризмі дейді, ол жерге қазақстандықтар барып, қаражатын төлеп (жүр - еск.). Бір бүйректі ауыстыруға кем дегенде 70 мың доллар қаражат. Оны далаға шашқанша өзімізде қалсын. Екі қолмен қолдаймын", - дейді ол.
Досқалиев 2 рет денсаулық сақтау министрі, 1 жыл депутат болған, кейін 7 жылға сотталып, 1 жыл 8 айдан соң ерте босап шыққан. Сонымен қатар, ол - хирург, транспантолог, қазіргі айына 170 мың теңге зейнетақы алады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова