Ақтөбе мектептерінде террорлық шабуыл жасалатыны туралы жалған хабарлама таратқан күдікті ұсталды

Ақтөбе мектептерінде террорлық шабуыл жасалатыны туралы жалған хабарлама таратқан күдікті ұсталды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе қаласының мектептеріне қатысты терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратқан күдікті анықталды. Ол 18 жастағы шетел азаматы болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірдегі жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Алаңдауға негіз жоқ.

–"Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлерімен жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны анықталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды",- делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақтөбе мектептеріне террорлық шабуыл жасалатыны туралы ақпарат таралған болатын. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы