Ақын Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды

Ақын Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Facebook / Қалқаман Сарин

Ақын Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ақын Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

"Ал ағайын, бүгін Қалқаман Сарин досым ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырындағы Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры қызметіне тағайындалды. Абыройлы қызмет болсын деп тілеймін!", - деп жазды Серікзат Дүйсенғазы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Серікзат Дүйсенғазы (@serikzat_duisengazy)

Айта кетейік, Қалқаман Сарин 1978 жылы 2 қаңтарда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Архат ауылында туған. Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина