Белгілі жас ақын қайтыс болды

Белгілі жас ақын қайтыс болды
Фото: instagram.com

Белгілі айтыскер ақын Сәттібай Жүнісов өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл қаралы жайтты Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі әлеуметтік желіде хабарлады.

"Арқаның ардақты азаматы, ақын Сәттібай Жүнісовтың қайтыс болуына байланысты жақындары мен туғандарына қайғысына ортақ екенімізді білдіріп, көңіл айтамыз. Теміртау қаласында өтетін айтыс шегерілгенін ескертеміз. Қосымша хабарлаймыз", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәттібай ЖҮНІСОВ (@sattibai)

Желі қолданушылары марқұмның жақындарына көңіл айтты.

"Қандай тамаша жан еді…. Иманы жолдас болсын", "Иманы саламат болсын!", "Иманды болсын, Алла панасына алсын!", "Жігіттің төресі еді", - дейді олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова