Ақмола облысында да жер сілкінісі сезілді

Ақмола облысында да жер сілкінісі сезілді
Фото: depositphotos.com

Бүгін, 23 қаңтарда түнде тұтас елді дүр сілкіндіріп, ел ішін елең еткізген кешегі жер сілкінісінің қуаты соншалық Ақмола облысында, дәлірек айтқанда Степногор қаласының шығысына қарай 33 шақырымында да байқалған. Жер қыртысының әлсіз сілкінісін Бурабай ауданында Бурабай кентінде орналасқан сейсмологиялық станса автоматты режимде анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Теріскей облыстарда жердің көп бөлігі негізінен жазықты аймақ болғандықтан мұндағы жұрт жер сілкінісін ешқашан сезіп те көрмеген. Дегенмен, сейсмикалық ошағы Қытайда басталып, еліміздің оңтүстік шығысы, әсіресе Алматыда көбірек байқалған жер сілкінісінің әлсіз тербелісі солтүстікке де жеткен болып шықты.

Стансаның мәліметінше, өңірдегі жер сілкінісі кеше Астана уақыты бойынша 13:14-те Степногор қаласының шығысынан 33 шақырым жерде 2,2 балл магнитудасымен сілкінген. 

Volcanodiscovery.com сайтының мәліметінше де облыс аумағында бірнеше 2,3 баллға дейін бірнеше жерде әлсіз жер сілкінісі байқалған. Осыған дейін өңірдегі қатты сезілген кейінгі жер сілкінісі осыдан 19 апта бұрын Астанадан 79 шақырым қашықтықта 4,6 баллға дейін сезілгені айтылған. 

Абзал Алпысбайұлы

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан