- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астана мен Қазақстанның...
Астана мен Қазақстанның 5 облысында жер сілкінісі сезілді - ТЖМ
Қазақстанның бірнеше өңірінің тұрғындары жер сілкінісін сезінді. Бұл туралы ТЖМ өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
23 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 00.09-да (Алматыда сағат 00.42-де 2 балдық және 01.36-да сезілмейтіндей) Қырғызстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.
Жер асты дүмпулерін Орталық Азияның бірқатар республикасының, әсіресе, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның тұрғындары сезінді.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 15.1. MPV магнитудасы - 6.7. Эпицентрдің координаттары 41.22° С. Е. 78.65° ш.б. Алматы - 5 балл, Шымкент - 2 балл" - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Жер сілкінісі Астанада, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында және Жетісу облысында да сезілді.
Қырғызстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы ТЖМ кезекші қызметтерінің ақпараты бойынша бұл республикаларда да жер сілкінісі тіркелді.
Қырғызстанда, Қырғызстан Ғылым Академиясының Сейсмология институтының ақпараты бойынша, жер сілкінісі сағат 00:09-да тіркелді: Бішкекте - 4-5 балл, Ыстықкөл облысы және Нарынс облыстарында 4 балл. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ.
Өзбекстанда, Өзбекстан Республикасы ТЖМ Республикалық сейсмопрогностикалық мониторинг орталығының ақпараты бойынша, жер сілкінісі 22 қаңтар күні сағат 23:08-де тіркелді: Ташкентте - 3 балл, Әндіжан, Ферғана және Наманган облыстарында 3-4 балл. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттр туралы ақпарат болған жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова