Алматыда тағы жер сілкінді

Алматыда тағы жер сілкінді

Алматыда тағы жер сілкінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы тұрғындары тағы бір жер асты дүмпуін сезді.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Ешқандай ғимарат қирамаған.

Алматы төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сыртқа шығуды және ғимараттардан алысырақ тұруды ескертті.

Дәл қазір Алматыда дүрбелең басталды: көшелерде кептеліс, тұрғындар сырт киімсіз, кейбірі жалаң аяқ, кейбірі тек іш киіммен сыртқа шығып кеткен.

Еске салайық, бұға дейін Алматы уақыты бойынша сағат 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелген еді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан