"Денесін құстар, жабайы иттер кеміріп кеткен". Айдалада өлі табылған ер адамға қатысты іс Қазақстанда болған ба?

"Денесін құстар, жабайы иттер кеміріп кеткен". Айдалада өлі табылған ер адамға қатысты іс Қазақстанда болған ба?
Фото: ашық дереккөз

Қазнетте "қасқыр талап кеткен" ер адамның суреті тарады. Желідегі ақпарат бойынша, оқиға Талдықорғанда болған. Алайда бұл оқиға Талдықорғанда емес, тіпті Қазақстанда тіркелмеген. Оқиға Ресейде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 14 қаңтарда Кубаньда болған. Калинин ауданындағы Журавлевка мен Джумайловка фермалары арасында ер адам өлі табылған. Ресейлік БАҚ-тардың мәліметінше, жабайы құстар мен қаңғыбас иттер ер адамның денесінің бір бөлігін кеміріп үлгерген.  

Өлі табылған азамат - 47 жастағы тұрғын болып шыққан. Ол 7 қаңтарда жоғалып кеткен. 14 қаңтарға дейін ер адамды ешкім іздемеген. Тұрғын кездейсоқ табылған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина