Атырау облысында екі ер адам төбелесіп, соңы өліммен аяқталды

Атырау облысында екі ер адам төбелесіп, соңы өліммен аяқталды
Фото: pixabay.com

Атырау облысында екі ер адам төбелесіп, соңы өліммен аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Оқиға 20 қаңтарда, күндізгі уақытта, жұрттың көзінше болған. Куәгерлердің сөзінше, екі ер адам сөзге келіспей, артынша төбелесіп қалған. Салдарынан 29 жастағы тұрғын оқиға орнында жан тапсырған. 

"1994 және 1993 жылы туған екі ер адам төбелескен. Салдарынан 1994 жылы туған ер адам оқиға орнында мерт болды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды", - делінген полиция хабарламасында. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина