Балаға ажырасу жайлы қалай айту керек? Психолог кеңесі

Балаға ажырасу жайлы қалай айту керек? Психолог кеңесі
Фото: ru.freepik.com

Ата-ананың ажырасуы бала жағдайына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан бұл ақпаратты оған дұрыс жеткізе білу маңызды. Психолог Валерия Степаненкова балаға ауыр тимес үшін оған ажырасу жайлы хабарды қалай дұрыс жеткізу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Gazeta.ru"-ге сілтеме жасап.

Маман ажырасу себебін балаға түсінікті және қарапайым түрде жеткізу керегін айтты. Қиын терминдер қолданудың және егжей-тегжейлі айтудың қажеті жоқ, бұл баланы шатастырып жібереді. Әке-шешесі енді бірге тұрмайтынын, бірақ бұл оны жақсы көрмейді деген сөз емес екенін түсіндіріңіз. Содан соң қазір оның ата-анасы бір-бірімен өздерін бақытсыз сезінетіндерін айтуға болады.

"Ажырасу баланың кінәсі емес екенін және бұл жағдайда "жақсы", "жаман", "кінәлі" немесе "кінәлі емес" адам жоқ екенін түсіндіріңіз", - дейді  Валерия Степаненкова.

Сондай-ақ маман жұбыңызда әртүрлі пікір пайда болғанын және сіздер келісімге келе алмағандарыңызды айтуды ұсынды. Ата-ананың екеуі де балаға өзгерістерге қарамастан баланы жақсы көретіндерін және ол жағынан ештеңе өзгермейтінін айту керек.

Бірге тұрмасаңыздар да, әрқашан оның жанынан табылатындарыңызды, оны қолдайтындарыңызды және көмектесетіндеріңізді жеткізіңіздер. Ажырасудан кейін көптеген отбасылар достық қарым-қатынаста қалатынын айтуға болады.

Психолог әр бала мұндай жаңалыққа әртүрлі әсер беруі мүмкін екенін айтты. Балаға оның мінезіне қарай жағдайды түсіндіріп, шыдамдылық білдіріңіз. Бастысы - адал, шынайы және баланы жақсы көретін ата-ана болу, сол кезде ажырасу балаға ауыр тимейді.

Оқи отырыңыз: Баланың есте сақтауын қалай жақсартамыз? Қазақстандық логопед бірнеше тиімді жаттығу ұсынды

А. Жапатова