Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған

Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған
Фото: depositphotos.com

Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Сенат депутаты Жанна Асанова мәлімдеді. 

"2023 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған. Тұрмыстық зорлық дерегі бойынша 99 мыңнан аса хабар түскен. Балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалған. Бірнеше резонанс тудырған жағдай болды", - дейді депутат. 

Оның сөзінше, сенат депутаттары үкіметке осы проблемаға қатысты сауал жолдаған. Бүгінде құжат дайын, енді ол Мәжіліс талқылауына жіберіледі. 

"Заң жобасы мыналарды қамтиды: зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік (қазір олар ҚР ӘҚБтК-де); оларды жария айыптаудың қылмыстық құқық бұзушылық санатына жатқызу; балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандары үшін жазаны қатаңдату және тараптардың татуласуын болдырмау", - дейді Жанна Асанова. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина