- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өз-өзімнен қызғанамын". Динара...
"Өз-өзімнен қызғанамын". Динара Сұлтан өзінен 17 жас үлкен күйеуіне әсерлі жазба арнады
Танымал әнші Динара Сұлтан бір ай бұрын 14 жыл отасқан күйеуімен заңды некесін қиған еді. Өнер иесі өзінен 17 жас үлкен күйеуін туған күнімен құттықтап, ерекше жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Бүгін - жігітімнің туған күні. Айтатыным, шексіз сүйемін. Нағыз ер - Ерлан! Менің тірегім, жүрегім, бір сөзбен айтқанда, арман жігіт қой. Өз-өзімнен қызғанамын. Аман жүр, жаным. "Это было любовь" әнін кезінде Еркеш Шәкеев бізге арнап жазған", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары Динара Сұлтанның жолдасып құттықтап, тілек тілеген.
"Бақытты болыңыздар", Берекелі, мерекелі жас болсын!" Туған күні құтты болсын! Әрқашан денсаулығы зор болсын, бақытты болыңыздар бірге!", - деп жазған олар.
Еске салайық, бұған дейін Динара Сұлтан жолдасымен 14 жылдан кейін ғана некелесуінің себебін түсіндірген еді. Ерлі-зайыпты бұл қадамға алты бала дүниеге келген соң ғана баруды шешкен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек