Дәрігер іш неліктен түйіліп ауыратынын түсіндірді

Дәрігер іш неліктен түйіліп ауыратынын түсіндірді
Фото: freepik.com

Іш дұрыс тамақтанбағаннан түйіліп ауыруы мүмкін. Ұлыбританиялық жалпы тәжірибе дәрігері Хана Патель іштің белгілі бір бөліктеріндегі ауырсыну қандай аурулардың белгісі екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төменгі оң жақ. Бұл тұстың ауыруы соқырішекті білдіруі мүмкін. Ал үстінен басу, жөтелу немесе тіпті қарапайым жүру ауруды күшейтуі мүмкін.

Іштің төменгі орталық тұсы. Бұл зәр шығару жолдары инфекциясының жалпы белгісі. Сондай-ақ, зәр шығару кезінде ыңғайсыздық пен ауырсыну пайда болып, кенеттен дәретханаға барғыңыз келуі мүмкін. Ал зәрдің түсі бұлыңғыр немесе қан аралас болады.

Іштің жоғарғы орталық тұсы. Іштің жоғарғы орталық бөлігі мен кеуде астындағы ауырсыну қышқыл рефлюксінен немесе гастроэзофагеальды рефлюкс ауруынан (Gerd) туындауы мүмкін. Сондай-ақ, бұл ауруларда ауыздан жағымсыз иіс шығып, іш кебу, қыжыл және жұтыну кезінде ауырсыну байқалады.

Іштің орталығы. Бұл аймақтағы ауырсыну вирус, тамақтан улану, аллергия немесе лактозаға төзбеушіліктің белгісі болуы ықтимал.

Жоғарғы оң жақ. Егер өтте тас түзілсе, қабырға арты, яғни жоғарғы оң жақ ауырады. 

Айта кетейік, бұған дейін іштің неліктен ауыратынының басқа да себептері хабарланған болатын. 

  • Несеп-тас ауруы;
  • Гинекологиялық аурулар;
  • Созылмалы панкреатит (ұйқы безінің қабынуы);
  • Тітіркенген ішек синдромы;
  • Физиологиялық факторлар;
  • Ұйқы безі ауруы;
  • Жарықтар (грыжи);
  • Асқазан патологиясы.

Тағы да оқи отырыңыздар: Міржақып Дулатұлының неше баласы болған?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә