- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер 60 жастан...
Дәрігер 60 жастан асқан адамдарға неліктен ішімдік ішуден бас тарту керегін түсіндірді
Алкоголь деменцияның даму мүмкіндігін арттырады, өйткені ол жүйке тінін бұзатын улы нейротоксин. Ал 60 жастан асқан адамдарға мүлде ішімдік ішуге болмайды. Бұл туралы ұлыбританиялық дәрігер Ричард Рестак мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, алкоголь 60 жастан асқан бұлшықет атрофиясынан немесе тепе-теңдікті сақтаудан зардап шегетін адамның өміріне қауіп төндіреді. Өйткені алкоголь орталық және перифериялық жүйке жүйесінің зақымдап, полиневропатияның дамуына әкеп соқтырады. Аурудың негізгі белгілеріне жүру кезінде тербелістің пайда болуы, сенімдік жатады. Ал сенімсіздіктің кесірінен егде жастағы адамдар көп құлап, оқиға өлім-жітіммен аяқталады.
Сонымен қатар, дәрігер адам қартайған сайын алкогольді көп тұтынса, ақыл-ой және есте сақтау қабілетінің күрт төмендеуіне әкеп соқтыратынын ескертті.
"Алкоголь миға тікелей әсер етеді, есте сақтау қабілетін нашарлатады. Бұл Вернике - Корсакофф синдромы деп аталады", - дейді дәрігер.
Бұдан бөлек, алкогольді жиі ішетін егде жастағы адамдарда гипотензияның пайда болу ықтималдылығы жоғары, яғни қан қысымы күрт төмендейді. Бұл мәселені шешуге әдетте алкогольден бас тарту және калориясыз тағам жеу көмектеседі.
Маман сөзінше, егде жастағы адам ішімдік ішкен кезде жүйке жүйесі мен ми, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектесетін қандағы В дәрумендерінің мөлшері күрт төмендейді. Ағзаға В дәрумені жетіспейтінін тері тітіркенгіштігі, қол мен аяқтың шаншуы, көңіл-күйдің өзгеруі, тітіркенудің жоғарылауынан байқауға болады.
Айта кетейік, бұған дейін бір жыл алкоголь ішпесеңіз, ағзада қандай өзгерістер болатыны хабарланған болатын.
Бір ай алкоголь ішпеу диабеттің және бауыр циррозының даму қаупінің азаюына әкеледі. Сондай-ақ қанда қант пен холестерин деңгейі қалыпқа келе бастағандықтан, ол дұрыс арықтауға ықпал етеді. Сонымен бірге когнитивті қызметтер де жақсарады: адам анық ойлай бастайды және жаңа ақпаратты меңгеруі бірнеше есеге артады.
Ал бір жыл алкоголь ішпесе, абстиненция белгілері кетеді және ұйқы сапасы жақсарады. Сондай-ақ тері, шаш және тіс жағдайы бұрынғыдан сау бола түседі және энергия деңгейі айтарлықтай артады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көнаяқ деген қандай кейіпкер?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә