Маңғыстау облысында оқушыларды таяқпен ұрып, тәртіпке салған мұғалім жұмыстан қуылды

Маңғыстау облысында оқушыларды таяқпен ұрып, тәртіпке салған мұғалім жұмыстан қуылды

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында мұғалім оқушыларды таяқпен ұрып, тәртіпке салған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға осыдан екі күн бұрын Мұнайлы ауданындағы жекеменшік мектептердің бірінде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан мұғалімнің қолына таяқ ұстап, оқушыларды жазалап жатқанын байқауға болады. Осылайша ол сынып ішін аралап, біртіндеп ұл балалардың алақанынан ұрған.

Сондай-ақ тағы бір оқушының бұрышта тұрғанын көруге болады. Облыстық білім басқармасы мұғалімге қатаң сөгіс беріліп, жұмыстан босатылғанын хабарлады.

"Оқытушы - төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман, бастауыш сынып мұғалімі. Мұғалімге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, сондай-ақ негізгі бұйрыққа сәйкес "қатаң сөгіс" тәртіптік шарасы тағайындалды. 2024 жылдың 17 қаңтарында жұмыстан босатылды", - делінген Маңғыстау облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина