- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр Ажар Ғиният...
Министр Ажар Ғиният мәйіт доноры болуға дайын
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәйіт доноры болуға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мәйіт донорлығы көптеген елде бар проблема. Мұндағы мәселе медицинаға емес, моральдық-этикамен байланысты. Халық өмірден өтсе де, оның ағзасы белгілі бір уақытқа дейін жұмыс істей беретінін түсінуі керек.
Денсаулық сақтау министрлігінде электронды регистр бар. Онда кез келген азамат электронды үкімет арқылы (өмірден өткесін, ағзасын басқа адамға беруге қатысты – автор) өзінің пікірін білдіре алады. Бүгінде 40 мың қазақстандық бұл мәселеге пікір білдірді. Оның 15 пайызы (өмірден өткесін ағзағасын беруге – автор) келісті. Осы бағытта ауқымды ақпараттық жұмыс жүргіземіз", - деді министр Мәжіліс кулуарында.
Оның айтуынша, былтыр желтоқсанда маңызды трансплантация жүргізілген.
"Осылайша, 2 донор 9 адам өмірін құтқарды. Мәселені тақылап, заң жобасын әзірлейміз", - деді Ажар Ғиният.
Журналист оған "Сіз өмірден өткесін донор болуға дайынсыз ба?" деп сұрақ қойды.
"Мұнымен келістім, ниет білдірдім", - деді министр.
Айта кетейік, "Қазақстан халқы қорына" мәліметінше, Қазақстанда 4 мың адам ағзасын ауыстыруға кезекте тұр.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz