"Халықпен бірге боламын деп үйімді ұмытып кеткенмін". Ғаділбек Жаңай отбасына қатысты сырын ақтарды

"Халықпен бірге боламын деп үйімді ұмытып кеткенмін". Ғаділбек Жаңай отбасына қатысты сырын ақтарды
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Ғаділбек Жаңай отбасына қатысты сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында бөлісті. 

"Халықпен бірге боламын деп үйімді ұмытып кеткенмін. 4-баламды перзентханадан шығарда ғана отбасымның қасында болған шығармын. Бұған дейін келіншегім мен Ақтауда жүргенде босанды. Ол кезде достарым шығарып алды. Мен әрқашан гастрольде жүріппін. Ол дұрыс. Ер адамның азығы түзде, бірақ ол үйден басталды. Бақыттың өзегі үйде екенін түсінгеніме 4-5 жылдай болды. Әр жерді көрдім, содан түсіндім", - дейді әнші. 

Өнер иесінің айтуынша, "Ханшайым" әнінен кейін көп нәрсе түйгенін айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек