Талдықорғандық әйел баласын тәртіпке салу үшін суық сарайға қамап тастаған

Талдықорғандық әйел баласын тәртіпке салу үшін суық сарайға қамап тастаған
Фото: instagram.com/ombudsperson_jetisu

Тоғыз жастағы Артем Лебедев өз анасы тарапынан бірнеше рет физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Артурдың отбасына Талдықорған білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, облыстық балалар омбудсмені және әлеуметтік сала өкілдерінен тұратын комиссия барды.

"Анасы мен екі баласы антисанитариялық және адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген, ал әйел алкогольдік ішімдіктерді пайдаланғанын және балаларды қорлағанын мойындамады. Светлана Лебедева 9 жастағы ұлын Артемді суық сарайға қамап тастады, - делінген Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жазбасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ombudsperson Kazakhstan (@ombudsperson_kz)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан