"Діни өмір салтын көрсеткені үшін блогерлерге 9 млн теңгеге дейін ұсынылды" - Абылайхан Қамаладин

"Діни өмір салтын көрсеткені үшін блогерлерге 9 млн теңгеге дейін ұсынылды" - Абылайхан Қамаладин
Фото: видеодан алынған кадр

Qamaladin Media медиа агенттігінің негізін қалаушы Абылайхан Қамаладин Арман Абдоллаға берген сұхбатында кейбір блогерлерге діни өмір салтын көрсету үшін ақша ұсынылғанын айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол сұхбат барысында айтқан ақшаны теңгеге шақсақ, шамамен 4-9 миллион теңге көлемінде болады.

"Бір блогерлер келіп, "ай сайын діни өмір салтын көрсетіп, осылайша исламды шынымен қабылдауды ұсынып жатыр" деді. "Өзің не қалайсың?" дедім. "Шынында да, дінді қабылдағың келе ме?" деймін. Ол "жоқ" дейді. "Ақша алғың келе ме?" деймін. "Неге алмасқа, жақсы ақша" дейді. "Қанша?" дедім. Жақсы баға айтты. Ай сайын төлеп тұрады екен. 10-20 мың доллар көлемінде. Мен "өзің бұдан рахат алмайсың" дедім. "Бірақ шын жүрекпен істегің келсе, онда да жауап бересің. Өйткені неге мұны ақша үшін істеп жатсың?" дедім. Нәтижесінде ол бас тартты. Осындай сәттер болды", - дейді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова