Нұрлан имам АҚШ президенті Джо Байденнен шақырту алды

Нұрлан имам АҚШ президенті Джо Байденнен шақырту алды
Фото: instagram.com/nurlanimam.kz

Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ президенті Джо Байденнен Америка құрама штаттарына шақырту алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы тележүргізуші, коуч, медиатренер Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. 

"Әрбір жылы Америка құрама штаттарының президенті Джо байден және оған дейінгі президенттер жылда әр мемлекеттен танымал және мемлдекет басшыларына жылда ас беріп, дәм береді. Бұл қайырымдылық ас болып табылады. Сондықтан біздің елден таңдау маған түсіп тұр екен. Мемлекетіміздің мүддесін, Президентіміз жасап жатқан ішкі және сыртқы саясатын жеткізу, сонымен қатар, біздің руханиятымызды кеңейту, паш ету, қазақ тарихының кең екенін көрсету үшін осы сапарға ниет білдіріп отырмыз. Алдағы аптада үлкен сапарға жол жүрмекпіз", - дейді Нұрлан имам. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дана Нұржігіт (@dana_nurzhigit)

"Ас үш дүркін беріледі екен. Бірінші бір беріледі, одан кейін таңдаулыларына беріледі, сосын ең жақындарына беріледі екен. Сол үш дастарханға да мен қосылған екем. Айтар нәрсе көп. Ең алдымен біздің ел бейбіт өмірді қалаған Орта Азиядағы келешекке нық қараған мемлекетекеніміз белгілі ғой. Осы саясаттың жетегінде кетіп қалмастан, өзіндік орны бар әлемдегі үлкен дәрежесі мен мәртебесі бар, өткені бар, бүгіні бар және келешекте көзқарасы бар, нақты пікірі бар мемлекеттің айтары бар әлбетте", - дейді имам. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина