Самат Әбішке қатысты тергеу аяқталды

Самат Әбішке қатысты тергеу аяқталды

Самат Әбішке қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты "Қазақпарат" агенттігіне Бас прокуратура растаған. 

Енді іс сотқа жіберілді.  

Самат Әбіштің үйінің алдына қарауыл қойылмайды - Бас прокуратура

Еске салайық, мұның алдында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған едік.

Оның алдында Алматыда өтіп жатқан Қаңтар оқиғасына қатысты сотта ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Руслан Ысқақов шулы мәлімдеме жасады.

Сотталушының айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде ол сол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Самат Әбіштің бұйрығын орындаған. Руслан Ысқақов бұл кезде ҰҚК 5-департаментінің бастығы болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина