- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өскеменде үйдің кірберісінде...
Өскеменде үйдің кірберісінде ер адамды атып кетті: қарудың фотосы тарады
Бір күн бұрын Өскемен тұрғынын үйдің кірберісінде атып өлтірді. Полицейлер қарудың фотосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыс орнынан алынған қару шолақ мылтық болып шықты.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығында оқ атқан ер адам ұсталды.
"Облыс орталығының 102 арнасына 13 қаңтарда дабылды қоңырау түсті. Қоңырау шалған адам подъездердің бірінің жанында қанға боялған ер адамның жатқанын хабарлады. Жеткен кезде мәйіт табылды. Алдын ала болжам бойынша ер адам оқ тиіп, қайтыс болған", - делінген хабарламада.
Патрульдік полиция қызметкерлері күдіктіні 10 минуттың ішінде ұстады. Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыскер 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге сотталады.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етілмейді.
Ал әлеуметтік желіде кісі өлтірген күдіктінің ұсталған сәті түсірілген видео тарады. Полиция департаменті бұл фактіні әлі ресми растаған жоқ.
Еске салайық, Өскемен тұрғынын 13 қаңтарда өлтіріп кеткен. Осы сәт видеоға түсіп қалған. Шақыру бойынша жеткен полицейлер Өскемендегі үйлердің бірінің кіреберісінен мәйітті тапты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан