Қысқатолқынды пеште жылытылған тамақ қатерлі ісік тудыратыны рас па? Радиолог жауап берді

Қысқатолқынды пеште жылытылған тамақ қатерлі ісік тудыратыны рас па? Радиолог жауап берді
Фото: Massaget.kz

Кейбір адамдар туыстарынан немесе достарынан қысқатолқынды пештің зияны жайлы аз-кем ақпарат естігені анық. Алайда заман талабына сай біз бұл заманауи технологияны кез келген үйден көре аламыз. Ал қысқатолқынды пеште жылытылған тамақ қатерлі ісік тудыратыны рас па? Индукциялық пештер жүйке жүйесіне қалай әсер етеді? Massaget.kz тілшісі lenta.ru зерттеуіне сүйеніп осы сұрақтарға жауап іздеп көрді. 

Ғалымдар қысқатолқынды пештер қатерлі ісіктің дамуын қоздырады деген қалыптасқан пікірге нақты дәлел таба алмады. Бұл көптеген сенімсіз және расталмаған ақпаратқа байланысты пайда болған "миф" деп баға берді.

Микротолқындар тағамдағы суға, майларға және қантқа әсер етіп, олардың ауытқуын тудырады. Бұл тағамның қызып кетуіне әкеледі. Бұл процесс адамдар үшін қауіпсіз. 

Рентгенологтың айтуынша, Американың қатерлі ісік қоғамы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қысқатолқынды пешті пайдалану мен қатерлі ісік арасында ешқандай байланыс жоқ екенін растады.

"Кез келген ықтимал ақауларды болдырмау үшін қысқатолқынды пешті басқа құрылғы сияқты нұсқауларға сәйкес пайдалануды есте сақтау маңызды. Егер олар қатерлі ісік қаупін тудырса, олар сапаны бақылау тестінен өтпейді", - дейді радиолог Корней Тевс. 

Индукциялық пештер жүйке жүйесін бұзады және иммунитетті төмендететіні қаншалықты рас?

"Медицина" АҚ (академик Ройтберг клиникасы) сәулелік терапия бөлімінің бас дәрігері, рентгенолог Корней Тевс кейбір адамдар пешті пайдалану жүрек жұмысына кері әсерін тигізеді, ұйқыны бұзады, тіпті көру қабілетін бұзады деп есептейтінін және мұның бәрі қате түсінік екенін айтты.

"Индукциялық пештер ыдыс-аяқты қыздыру үшін электромагниттік өрістер жасайды. Бірақ мұндай пештер денсаулыққа зиянды деп айтуға деректер жеткіліксіз. Кейбір зерттеулер жоғары жиілікті электромагниттік өрістер тіндерді қыздыра алатынын көрсетеді. Бірақ индукциялық пешті дұрыс пайдаланса, бұл қауіпті емес", - дейді ол. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Зинешов