- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өскемендегі үйлердің бірінің...
Өскемендегі үйлердің бірінің кіреберісінде ер адамды атып өлтірді
Полицейлер Өскемендегі үйлердің бірінің кіреберісінен мәйітті тапты. Бұл қылмысты жасаған күдікті 10 минуттан кейін ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша, ер адам оқ жарақатынан қайтыс болған, деп хабарлады облыстық полиция.
Кісіні өлтірген сәт видеоға түсіп қалған, ал бұл Желіде тарап кетті.
"Осы фактіге дереу патрульдік бригадалар жөнелтіліп, 10 минут ішінде күдікті ұсталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады департамент.
Полиция Қылмыстық кодекстің 201-бабы бойынша оқиғаның егжей-тегжейін айтпады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан