- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысында автобус...
Абай облысында автобус 17 жолаушымен кюветке "ұшып кетті": зардап шеккендер бар
Абай облысында автобус 17 жолаушымен кюветке "ұшып кетті", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облысының Үржар ауданында Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде, қатты желдің салдарынан 31 жастағы коммерциялық жолаушылар автобусының жүргізушісі рульді басқара алмай 17 жолаушымен кюветке ұшып кетті.
Автобус Қабанбай батыр ауылы - Алматы бағытымен жүрген.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға 2 адам жүгінді.
Кюветтен автобусты шығару бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина