Қызылордада ауыл тұрғыны банан өсіріп жүр

Қызылордада ауыл тұрғыны банан өсіріп жүр
Фото: Massaget.kz

Қызылордалық кәсіпкер Ерлан Жаппасбаев Қармақшы ауданының Ақай ауылында сегіз жылдан бері жылыжай ісімен айналысып келеді. Жеті сотық жерде қияр, қызанақ, салат жапырақтары жайқалып тұр. Ең қызығы, олардың қатарында банан да бар. Кәсіпкер экзотикалық өсімдікті Өзбекстаннан әкеліпті. Оны малдың қиынан алынатын биогаз арқылы жерсіндіріп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Банан өсіруге Қызылорданың климаты өте қолайлы. Күн ыстық, бұлт сирек шығады. Ол өзі екі жылда өнім береді. Сондықтан тәуір өнім беруі тиіс", - деді жылыжай иесі.

Банан жемісінен гөрі көшетін сатқан тиімді екен. Өйткені бір банан ағашынан 15-20 шақты көшет алынады. Оның әр түбі базарда 10-15 мың теңгеге бағаланады.

"Ал жемісі тек бонус есебінде. Қазіргі кезде жылыжайда 5 түп жеміс ағашы бар. Бұйырса, келер жылы өнімін жейміз. Бір түптен 20 келіден шығады", - деді Ерлан Жаппасбаев.

Назерке Саниязова

Тағы да оқи отырыңыздар: Сары түсті заттарды неліктен сыйлауға болмайды?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz