Қанша балдық жер сілкінісі Алматыны қиратуы мүмкін?

Қанша балдық жер сілкінісі Алматыны қиратуы мүмкін?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

ТЖМ сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы өкілдері қанша балдық жер сілкінісі Алматыны қиратуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл мәселеге қатысты сейсмологтар әзірлеген халықаралық шкала бар, MSC-64 шкаласы. Осы шкала бойынша ғимараттар мен құрылыстар 7 балдан бастап қирайды. Сондықтан жердің жағдайын ескергенде, Алматы үшін 7 балдан жоғары жер сілкінісі қауіпті деп санауға болады", - деді ТЖМ Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер Ұлттық ғылыми орталығының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков

Маманның айтуынша, 7 балға дейінгі жер сілкінісі қала үшін қауіпті емес.

"2-3 балдан басталатын жер сілкінісінде ғимараттардың тербелісі жай болады, 4-5 балдық жер сілкінісінде ғимараттың сылақтары түсіп, басқа да зақым келеді. Бұл қауіпті емес. 7 балдан бастап шара қолдануға болады", - деді Өзбеков.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтарды "15 қаңтарда жойқын жер сілкінісі болады" деген ақпарат шошытқаны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова