- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Қазақстанның Ирандағы...
Тоқаев Қазақстанның Ирандағы елшісін қызметінен босатты
Фото:
gov.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ирандағы елшісін қызметінен босатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Асхат Оразбай бұл қызметке 2019 жылы тағайындалған. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек