Павлодар облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті

Павлодар облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті
Фото: gov.kz

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғұжинов жол апатынан зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

kerek.pv Telegram арнасы мәліметінше, Батырғұжинов Майқайыңнан Павлодарға келе жатқан. Ол құтқарушыларға қатысты жазатайым оқиғаның себептерін тергеу жөніндегі комиссия құрамында болған. Батырғұжинов отырған көлік жыраға құлап кеткен. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, ал әкімнің орынбасары жарақат алды, оған дәрігерлердің көмегі қажет болды.

Бұл ақпаратты Павлодар облысының әкімдігі өкілдері растады. Жол апаты 8 қаңтарда кешке Майқайың кентінен Павлодарға барар жолда болған.

"Облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғұжинов жол апатына ұшырады. Жол апатына басқа көліктер қатысқан жоқ. Орынбасардың көлігі жыраға түсіп кетті, Серік Батырғұжиновтың өзі аздаған жарақат алды, жағдайы тұрақты", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Еске салайық, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданындағы "Майқайың алтын" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті.

Автобустың ішінде төрт адам болды: Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова