Жантүршігерлік жол апатынан 25 адам қаза тапты

Жантүршігерлік жол апатынан 25 адам қаза тапты
Фото: dailymail.co.uk/Anjos Jacuipenses

Бразилияның солтүстік-шығысындағы Баия штатында туристік автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 25 адам қаза болып, 5 адам зардап шекті. Бұл ақпаратты жергілікті азаматтық қорғаныс ведомствосы растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:30-да болған. Жол апатынан автобустағы 22 адам, жүк көлігіндегі 3 адам тіл тартпай кеткен.

Бразилияның Федералды жол полициясы мәліметінше, зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Апат себептері анықталып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы