- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер бор жесеңіз,...
Дәрігер бор жесеңіз, ағзада қандай өзгерістер болатынын айтты
Фото:
klin-detstvo.ru
Кей адамдар топырақ кесегін немесе бор жегенді жақсы көреді. Алайда бұл әдет жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін. Бұл жайлы интегративті дәрігер Ұлжалғас Тұрғынбайқызы өзінің инстаграм парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер кесек және бор жеу мынадай салдарларға әкелетінін жазды:
- Анемия асқынады. Кесек ағзадағы темірдің бәрін жойып жібереді. "Анемия кезде кесек жеген пайдалы" деген пікір өтірік. Керісінше, бор және кесек жесеңіз, барлық дәрумен мен минералдың ағзадан шығып кетуіне жағдай жасайсыз. Қандағы қызыл түйіршікті эритроциттерді ағартып, тіпті ақ қан ауруына ұшырау қаупі артады;
- Иммунитет төмендейді. Иммунитеттің 80%-ы ішекте. Ағзаңыз балшықпен толып жатса, ішек қалайша сау болсын?!
- Бауырға құрт, бүйрек пен өтке тас жиналады. Кесек - кәдімгі балшық. Онда тас түйіршіктері болатыны ақиқат;
- Паразиттер көбейеді. Ешкім оның гигиеналық талапқа сай дайындалып жатқанын білмейді. Сондықтан онда міндетті түрде паразит жұмыртқалары болады.
Оқи отырыңыз: Неліктен кей адамдар бор жегенді жақсы көреді?
А. Жапатова