- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы жантүршігерлік автобус...
Алматыдағы жантүршігерлік автобус апаты: полиция жүргізуші әйелден жауап алынғанын растады
Алматы полициясы жантүршігерлік автобус апатына байланысты жүргізуші әйелден жауап алынғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасымен ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі, 351-бабы 3-бөлігі және 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Айта кетейік, қоғамдық көлік жүргізушісі К.есімді азаматшадан, жәбірленуші ретінде қылмыстық істер аясында жауап алынды", - делінген хабарламада.
Полиция тиісті сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатынын хабарлады.
Еске салайық, автобус апаты 2023 жылғы 22 желтоқсанда Алматыда Қалқаман шағынауданы маңында болды. Автобус аялдаманың жанында тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты. Салдарынан үш адам қаза тауып, жеті адам зардап шекті.
Кейін қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталғаны белгілі болды.
Жол апаты қалай болғаны бейнебақылау камерасына да түсіп қалған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан