Қазақстанда рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынды

Қазақстанда рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынды
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда рөлі оң жақта орналасқан көліктерді бөлшектелген түрде 6 айға әкелуге тыйым салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Нормативтік құқықтық актілердің электронды түрдегі эталонды бақылау банкіне сілтеме жасап.

Министрліктің дерегі бойынша бұйрық "Сауда қызметін реттеу туралы" заңның 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес, сондай-ақ, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-қосымшасының 10-бөліміне сәйкес әзірленген.

"Рөлі оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді Қазақстан аумағына бөлшектелген түрде 6 ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін", - деп жазылған өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың бұйрығында.

Министрлік басқа ведомстволарға мына жайттарды хабарлауы керек:

1. Мемлекеттік кірістер комитетіне осы бұйрықтың 1-тармағын заңнамада белгіленген тәртіппен іске асыру бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметімен өзара іс-қимыл кезінде бақылауды қамтамасыз ету туралы;

2. Теміржол және су көлігі комитетіне және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ға (келісу бойынша) Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы;

3. Сауда және интеграция министрлігіне белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлау қажеті туралы хабардар етсін.

Бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz