Жамбыл облысы бойынша QazAvtoJol директорының орынбасары ұсталды

Жамбыл облысы бойынша QazAvtoJol директорының орынбасары ұсталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Антикор Жамбыл облысы бойынша QazAvtoJol директоры орынбасарының ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Massaget.kz тілшісіне растады. 

"Соталды тергеудің басталғаны туралы растаймыз. Қосымша ақпаратты жақын уақытта хабарлаймыз", - делінген жауапта. 

Еске салайық, бұған дейін Желіде Жамбыл облысы бойынша QazAvtoJol директорының орынбасары Дәурен Түлтаев қызылордалық мердігер компаниядан ақша бопсалағаны туралы ақпарат тараған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек