Такси жүргізушілері мобильді аударымға қойылған шектеуден кейін төлемді қалай қабылдауы керек?

Такси жүргізушілері мобильді аударымға қойылған шектеуден кейін төлемді қалай қабылдауы керек?
Фото: depositphotos.com

Мобильді аударымға шектеу қойылып, ережелері өзгергеннен бастап еліміздегі такси жүргізушілері жолаушылардан төлемді тек қолма-қол ақша арқылы қабылдап жатыр. Ал қазіргі кезде кез келгеннің қалтасында қолма-қол ақша бола бермейді. Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері такси жүргізушілері төлемді қалай қабылдау керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Комитет мәліметінше, жеке тасымалдаушылар ең алдымен жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек.

"Жеке тасымалдаушылар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Мұны "e-Salyq Business", "Egov Mobile" және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобилді қосымшалары ("Halyq bank", "Kaspi bank", "BankCenterCredit") арқылы жасауға болады.

Бұл ретте қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін онлайн режимінде кәсіпкерлік банк шотын ашуға болады, сол жерге көрсетілген қызметтер үшін төлемдер түседі. Ол үшін сізге тек смартфон қажет. Кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды алып жүрудің қажеті жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін тек қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап ету қаншалық заңды екені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Әйел неше жасқа дейін бала көтере алады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә