- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Адамдар отырған автобус...
Адамдар отырған автобус жер астына түсіп кетті: марқұмдар мен жоғалғандардың отбасына қандай көмек көрсетіледі?
Павлодар облысындағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқан марқұмдардың отбасына 4, 5 миллион теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Бұл туралы өңір әкімі Асаин Байханов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір "Майқайың алтын" АҚ аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Оқиға орнында өңір әкімі, ТЖ вице-министрі және басқа да қызметтер бар.
Құтқару жұмысына барлығы 116 адам, 23 техника жұмылдырылды. Бүгін таңғы сағат 06:00-де Астана қаласы ТЖД кинологтар бригадасы келіп, бірден іздестіру жұмыстарына кіріскен.
"Қаза тапқан және жоғалған құтқарушылардың отбасыларына "Майқайың-алтын" АҚ және КӘАҚҚ РОШ-нан 4.5 миллион теңгеден аса мөлшерде материалдық көмек көрсетіледі. Мемлекет тарапынан қаза тапқан жандардың отбасыларына асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Қаза болған екі құтқарушының отбасына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат болсын. Біз іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырамыз", - деп жазды өңір әкімі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданындағы "Майқайыңзолото" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті. Автобустың ішінде төрт адам болды: кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова