Қазақстанда қанша адам үйсіз жүр?

Қазақстанда қанша адам үйсіз жүр?
Фото: pixabay.com

Қазақстанда 20 миллионнан астам адам тұрады. Соның ішінде қанша қазақстандық баспанасыз жүргені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ берген ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 6 миллион 435 мың 175 адамның жеке меншікте бір баспанасы (пәтер немесе жеке үй) бар екенін хабарлады.

Елімізде жеке баспанасы жоқ қазақстандықтардың саны шамамен 6,9 миллион адам. Бұған, сонымен қатар, олармен бірге тұратын, бірақ мүлікке меншік құқығында үлесі жоқ меншік иелерінің жұбайлары жатады.

Қазақстанда бүкілі 7 миллион 259 мың 231 жылжымайтын мүлікке құқық тіркелген. Олардың ішінен:

  • 944 849 азаматта 2 жылжымайтын мүлік бар;
  • 286 502 азаматтың 3 және одан да көп жылжымайтын мүлкі бар;
  • оның ішінде 10-нан астам жылжымайтын мүліктері бар 1669 азамат.

Кәмелетке толмағандардың есебінде 91 534 жылжымайтын мүлік нысаны бар. 

"Ақпараттық жүйеде тек жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеген азаматтар туралы ақпарат қамтылғанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, жылжымайтын мүліктің заңды кадастрында "Экономикалық белсенді халық" критерийі бойынша ақпарат жоқ екенін хабарлаймыз", - деп қорытындылады компания.

Жасұлан Ордабаев

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz