- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "10 қорап дәрі...
"10 қорап дәрі ішкен". 35 жастағы көпбалалы ана өз-өзіне қол жұмсады
Жетісу облысында 35 жастағы көпбалалы ана өз-өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиға туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәлім болғандай, 35 жастағы Балжан Өзбекованы 28 желтоқсанда кешке құрбысы ауруханаға жеткізген.
"Ақсу ауданы орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде әйел аспирин дәрісінің 10 қорабын ішіп, бір күннен кейін қайтыс болғанын айтты", – делінген мәліметте.
Жетісу облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы