Әлихан, Медина: 2023 жылы туған нәрестелерге тағы қандай есімдер жиі қойылған?

Әлихан, Медина: 2023 жылы туған нәрестелерге тағы қандай есімдер жиі қойылған?
Фото: elements.envato.com

2023 жылы жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл тізім 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған.

Қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалса, ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді.

2023 жылдың танымал 10 есімі:

Ұлдар:

  • Әлихан;
  • Омар;
  • Әмір;
  • Алдияр;
  • Айсұлтан;
  • Алан;
  • Әли;
  • Нұрислам;
  • Мұхаммед;
  • Хамза.

Қыздар:

  • Медина;
  • Айша;
  • Айлин;
  • Асылым;
  • Сафия;
  • Томирис;
  • Раяна;
  • Әмина;
  • Аяла;
  • Айым.

Аталған тізімді 2013 жылмен салыстырсақ, Әлихан, Әмир және Нұрислам есімдері ұлдар арасында әлі де танымал.

Қыздар арасында Айша мен Әмина есімдері соңғы он жылдағы әлі де жиі қойылатын есімдер қатарында.

2013 жылдың танымал 10 есімі:

Ұлдар: Ерасыл, Алихан,Санжар, Нұрасыл, Мирас, Артем, Нұрислам, Амир, Арсен, Рамазан

Қыздар: Айзере, Айару, Кәусар, Інжу, Айша, Аружан, Аяулым, Амина, Іңкәр, Диана

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан